Русский Сайттың толық нұсқасы

Биыл оңтүстікте ауылшаруашылық өнімі 471,5 млрд теңгені құрады

  • AstanaTV
  • 17 қараша 2017
  • 2682

Оңтүстік қазақстандықтар мал шаруашылығын дамытуға мемлекеттен 1 миллиард 700 миллион теңге алған. Тағы 2 миллиардтай қаржы сүт қабылдау және ет бордақылау бөлімдерін  дамытуға берілді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында 39 пункт жұмыс істеп тұр. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясында «2021 жылға дейін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасын іске асыру» тақырыбында өткен тыңдауда айтылды. Аймақта ауылшаруашылығы өнімінің көлемі 470 млрд теңгеден асады. Бұл былтырғыдан 88 млрдқа көп. Отырыста жағармай тапшылығы мен жылыжайларға көмір жетпейтіні жайлы да мәселе көтерілді.