Русский Сайттың толық нұсқасы

Жол апаты құрбандарын еске алу күніне орай Қызылжарда көліктер шеруі өтті

  • AstanaTV
  • 17 қараша 2017
  • 3767

Жол апаты құрбандарын еске алу күніне орай Қызылжарда көліктер шеруі өтті. Тәртіп сақшылары мұрындық болған акцияға қырықтан астам темір тұлпар қатысты.

Тізбектің арасында сау тамтығы қалмаған автокөліктер де бар. Олар халық апат салдарын өз көзімен көрсін деген мақсатпен қойылған. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстанда 153 көлік апаты тіркелді. 190 адам түрлі жарақат алса, 33 тұрғын көз жұмды. Полицейлердің айтуынша, көліктердің соқтығысуы былтырғыға қарағанда біршама кеміген. Акция барысында сап түзеген көліктер шаһарды бір айналып шықты. Шара соңында марқұмдарды еске алу ретінде аспанға 33 шар жіберілді.