Бұдан
былай көлік жүргізушілеріне полицейлерді камераға түсіруге заңмен рұқсат етіледі.
Демек, бейне сотта айғақ зат ретінде қаралатын болады. "Нұр Отан"
партиясының алматылық филиалы жол жүру ережесіне енгізілген өзгерістерді
түсіндіре бастады. Жақында президент қол қойған құжатқа 16 түзету енген
болатын.
Олардың ішінде "жолдағы тәртіпке қойылатын талаптарды күшейтетін нормалар"
бар. Енді қарсы жолаққа шығып кеткенідер жүргізуші куәлігінен айырылады. Мас
күйінде көлік айдағаны үшін және ішімдікке тексеруден өтуден бас тартқаны үшін
3 жыл көлік жүргізе алмайды. Жолда тоқтатылған жүргізуші полицейді салонда
күтуі тиіс деген норманың күші жойылды. Құжатта бағдаршам алдындағы тоқтау
сызығын басып тұрғаны үшін салынатын айыппұл көлемі азайтылды. Ал жүргізуші
куәлігінің мерзімі өтіп кеткен жағдайда жаңасын алу үшін қайтадан емтихан тапсыру
алынып тасталды. Заң 15 шілдеден бастап күшіне енді.
Жандос
Мұратәлиев, Алматы қаласы ІІД ӘП басқармасы басшысының орынбасары:
Жол
сызбалары мен ержелерін басқаны үшін айыппұл бұрын 5 АЕК болса, сол 3 АЕК
түсіріліп отыр. Бұрынғы қарама қарсы бағытта шықса, 1 жыл жүргізуші куәлігінен
айыратын, енді екі жол сызбасын басып, айналып өтсең ол да 1 жылға дейін жол
жүру куәлігінен айырылуға әкелетіндей өзгеріс енгізілді.