Русский Сайттың толық нұсқасы

Қыста болатын төтенше жағдайларға 36 мың құтқарушы дайын

  • AstanaTV
  • 21 қараша 2017
  • 2215

Қысты қарсы алуға 36 мың құтқарушы дайын. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде төтенше жағдай мамандары есеп берді. Ауа райын болжаушылар желтоқсан, қаңтар айлары әдеттегіден суық болды деп болжайды. Бірақ, көктем ерте келуі мүмкін, дейді.

Ал құтқарушылар "Қыс-2018" оқу-жаттығу жұмыстары кезінде соңғы әзірліктерін пысықтады. Бүгінде 1500 түрлі техника сақадай сай дейді. Жол бойларында 40 шақты медициналық пункттер бар. Теміржол бойларына қардан қорғайтын 900-ге тарта қалқан қойылған.

Жол аршитын техника базасы тексерілді. Қар бөгейтін құрылғылар қойылды. Әсіресе республикалық жол бойлары қамтылды. Оның ұзындағы 23 мың шақырымдай.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ