Өскемендегі №2-ші мектептің ауласындағы қаңғыбас иттер атылған жоқ. Куәгерлердің әлеуметтік желілерге жариялаған адам шошырлық видеосына қалалық ветеринария бөлімінің басшысы осылай жауап қатты. Оның айтуынша, өңірдегі қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары «Защита» шағын ауданы тұрғындарының арызы бойынша жүргізілген. Бірақ ұстау барысында бір ит мектеп ауласына қашып кірген. «Өскемен мал дәрігерлік қызметі» мемлекеттік мекемесі өкілдері болса, сол итті алып кету үшін мектеп директорынан сыртқы қақпаны ашуды өтініпті. Дей тұрғанымен, видео авторының сөзі басқа. Ол мекеме қызметкері пневматикалық қарумен мектеп ауласында жүргеніне наразы. Тіпті видеожазбасында әлгі итті ұстау үшін қаруын пайдаланды деп пікір қалдырған. Яғни іс-әрекет оқушылардың көз алдында болды, - дейді видео авторы. Бірақ мұны мамандар жоққа шығарды.
Серікхан Күдебаев, Өскемен қалалық ветеринария бөлімінің басшысы:
Қоқыс
контейнерлері маңынан 11 қаңғыбас иттің қаптап жүргенін байқаған
қызметкерлеріміз, бірден ұйықтататын оқ дәрімен ата бастаған. Бірақ, бір
бұралқы ит №2-ші мектептің ауласына қашқан. Қызметкерлер жергілікті басқару
комитеті өкілдерімен бірлесіп, оны итті ұстап алып кету үшін мектеп
директорының рұқсатын сұраған. Сол сәтте мектеп терезесінен бе, әлде жақын
маңдағы тұрғын үйлердің бірінің терезесінен бе тұрғындардың бірі иттерді
өлтіріп жатыр деп айғай салады. Бірақ біздің мамандар балалардың көзінше ит
атқан емес.
Олжас НҰРЖАҚЫП