Русский Сайттың толық нұсқасы

Оқушылар арасында ұлттық инновациялық олимпиада басталды

  • AstanaTV
  • 27 шілде 2017
  • 2363

Талапты оқушыларға зор мүмкіндік. Елде инновациялық жобалардың ұлттық олимпиадасы басталды.  Олимпиадаға  6-11 сынып оқушылары қатыса алады. «Жасыл энергетика», «ІТ», «Модельдеу және робототехника», «Тұрмысқа пайдалы өнертабыстар» бағыттары бойынша стартап идеялар қажет. Оқушылар өз жұмыстарын 15 қазанға дейін тапсыруы тиіс. Ал қарашада жүлдеге ие болған 10 жобаның авторына білім сертификаттары мен кубок тапсырылады. Ең бастысы, тың идея табан асты қалмай, іс жүзінде қолданысқа енгізілмекші. Ол үшін венчурлық-инвесторлар мен елдегі белгілі стартап жетекшілері тартылған.

Мұхтар Манкеев, «Қазақстан - 2050» жалпыұлттық қозғалысы» кеңесінің төрағасы:

Өндіріске енгіземіз. Сол жоблармен менторлар ретінде жұмыс жасаймыз. 15 қараша жеңімпаздарды анықтау ол тек басы. Содан соң 1 жылдың ішінде біз оқушылармен бігіріп, жобаларды нақты бизнеске келтіріп, комерцияландыруға көмектесмеіз.