Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде мас жүргізуші 54 жастағы тұрғынды қағып кетіп, мерт қылды

  • AstanaTV
  • 22 қараша 2017
  • 2464

Ақтөбеде мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті. Есет батыр көшесімен келе жатқан «Ниссан» автокөлігі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан адамды қағып өткен. Егде жастағы тұрғынның алған жарақаты ауыр болып, сол жерде жантәсілім еткен. Кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашпақ болғанмен, куәгерлер ұстап алып, полицейлерді шақыртқан. Мына кадрларды сол жерде болған куәгерлер түсірген. 34 жастағы қала тұрғынына қатысты қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Эльмира Суликанова, облыстық ІІД басқарма бастығының міндетін атқарушы:

Жаяу жолаушылар жолағынан өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып кету фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 345 бабының 3-інші тармағымен соталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиға салдарынан 54 жастағы жаяу жүргінші көз жұмды. Сонымен қатар жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізуші ішімдік ішкені анықталды.