Шымкентте
Ішкі істер департаменті мұнай ұрлығына
жетекшілік еткен шенеунікке іздеу жариялады. Мемлекеттік кірістер
департаментінің бөлімін басқарған 38 жастағы Данияр Қалдыбаевтің суретін
жариялаған құзырлы органның хабарлауынша, сезікті 2015 жылдың жазында
«Павлодар-Шымкент» мұнай құбырынан шикізат жымқыратын арнайы топ құрып, оны
басқарды деген күдікке іліккен.
Айта кетейік, күні кеше ғана арнайы
операция кезінде дәл осындай қылмыс жасағаны үшін бес сезікті қамауға алынған
еді. Ұйымдасқан қылмыстық топқа жалпы 13 адамның қатысы бары айтылған-ды. Бірақ
іздеудегі Қалдыбаевтың бұл қылмысқа қатысы жоқ деп отыр құзырлы орган
өкілдері.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗы