Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда тоңазытқыштан мәйіттері табылған бүлдіршіндердің өліміне қатысты басты сот отырысы басталды

  • AstanaTV
  • 24 қараша 2017
  • 2704

Алматыда тоңазытқыштан мәйіттері табылған бүлдіршіндердің өліміне қатысты басты сот отырысы басталды. Айыпталушылар орындығында - ащы суға мас болып, егіздерін өлтірді деп айыпталған ата-ана. Емиль Гильмутдинов пен Анна Волченко Қылмыстық кодекстің 99 және 119 бабы бойынша айыпталып отыр. Бүгін прокурор айыптау актісін оқыды, куәгерлер тыңдалып, айыпталушыларға сөз берілді. Олжас Нұржақып сотқа қатысып қайтты.

Олжас Нұржақып, тілші:

Бұл іс 7 қыркүйекте басталған. Осылай деп сөзін бастаған мемлекеттік айыптаушы жаға ұстатарлық оқиғаның барысын жіпке тізді. Өзбек азаматы Гильмутдинов балалар шуынан шаршағанын, ақшаның да жетпей кеткендігін айтып, Аннаға олардың көзін құртайық деген ұсыныс тастайды. Ішімдікке уланған ана, мастықпен келісімін берген. Осылайша, Сейффулин көшесінің бойындағы тұрғын үйдің бірін жалға алып, егіздер жанын алмаққа әрекеттенеді. Алдымен Салават есімді ұлының аузын жауып, тұншықтырған, дейді прокурор

Расул Есдәулетов, мемлекеттік айыптаушы:

Осылайша, екінші баласын өлтірмекке жатын бөлмеге енеді. Бірақ
 Ринаттың жанына жақындағанда алғашқы ұлы Салават сәл қимылдайды. Эмиль бұл жағдайды байқай сала, бірден екі ұлының да тамағын қысып, қылқындырады. Егіз ұлының өлгеніне көз жеткізгеннен кейін, оларды алдын-ала дайындап қойған спорттық сөмкеге салып, жеке тұрғын үйдің алдынан қазылған жертөлеге түсіреді. Сол күні кешке Аннамен кафеде жолығып, келіскен істі аяқтағанын айтады. Әрі қарай еш күйзелместен, ішімдік ішуге кіріскен.

9-шы қыркүйек, пәтер иесіне балаларын Ташкенттегі атасына апарамыз деп ескерткен олар, Түрксіб ауданынан тағы бір баспананы жалға алады. Қара сөмкеге салған балаларын сол пәтер ішіндегі тоңазытқышқа жасырады. Ал пәтерді жалға берген куәгердің айтуынша, алғаш Аннаның өзі үлкен ұлымен бір тәулікке жалға алыпты. Кешке хабарласып тағы бір күнге созуын сұрайды.

Малика Ибраева, куәгер:

Түскі мезгілде көршілерім хабарласып, кіре берісте сасық иіс пайда болды. Сенің пәтеріңнен шығып тұр деп ескертті. Мен бірден жүгіріп келіп, есікті ұрдым, ешкім ашпады. Екінші кілтімді алып, ішке еніп ем, тып-тыныш, тірі жан жоқ. Сосын тоңазытқыштың ішін қарадым. Сол жердегі қара сөмке иістеніп тұр екен. Негізі тұтынушыларымның көпшілігі еттерін қалдырып кетеді, ұмытып. Сондай жағдай ма деп ашқанымда, егіз баланың мәйітін көріп, шошып кеттім.

Келтірілген деректерден кейін судья айыпталуышардың пікірін тыңдауға көшті. Емиль Гильмутдинов кінәсін толық мойындайтынын, әрі әрекетіне өкінетіндігін айтса, Анна Волченко тағылған айыпты жартылай мойындайтындығын жеткізді.

Я как мать, как женщина, жена, то, что я не разглядела это. Я допустила все это.

Оның қорғаушысы келіншектің кінәсіздігін дәлелдеуге күш саламын деп отыр.

Фархад Таипов, А. Волченконың қорғаушысы:

Мен айыппен келісе алмаймын. Қорғауымдағы Анна өз кінәсін жартылай мойындайтындығын айтты. Өйткені ол ана ретінде жағдайды бақылауда ұстай алмадым деп өкініп отыр. Оның үстіне келісім мастықпен жасалған. Әрі егіздерді Емильдің өзі жалғыз өлтірді емес пе.

Ал, ман қалған үшінші баланы ата-әжесі де әлі алмаған. Соңғы рет бір ай бұрын хабарласыпты. Бүлдіршін балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр. Медеу аудандық білім бөлімінің бас маманы оның жағдайы жақсы, ата-анасын іздемейтінін айтты. Қазір айналасындағылармен араласа бастаған. 

Олжас НҰРЖАҚЫП