Жамбылда
студенттерге жатақхана жетіспейді. Жоғары оқу орындары мен колледжерде оқитын
48 мың студенттің тек 3 мыңы ғана жатын орынмен қамтылған. Жамбыл облысына
жұмыс сапарымен барған «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ғабидолла Әбдірахымов
осылай деді. Алдымен алқалы жиынды партия активінен бастаған хатшы мемлекеттік
мекеме басшыларының басын түгел қосты. Онда ол партия төрағасының тапсырмаларын
түсіндіріп, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысында олқылықтарға
тоқталды.
Ал тұрғындардан келіп түсетін хаттар қараусыз қалып жатқан көрінеді.
Мәселен, «Нұр Отан» партиясына биылғы жылдың 10 айында жамбылдықтардан 4800
арыз-шағым түскен. Оның 27 пайызы жұмыспен қамту бойынша, ал 22-сі әлеуметтік
қамтамасыз етуге байланысты. Бұл мәселені реттеуді Жамбыл облысы әкімдігі
жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының
басшысына жүктеді. Өйткені талап-тілектердің 50 пайызы осы мекеменің жұмысына
қатысты екен. Сондай-ақ, партия хатшысы «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынған 1
мың орындық №30 мектеп-лицейдің
сәулетімен танысты. Оқу ошағына 1 млрд 300 млн теңге қаржы жұмсалған.
Ғабидолла Әбдірахымов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:
3
мың орындық қана жатақхана бар, ол 6-ақ пайызды ғана құрап отыр. Сондықтан ертең біз өкіметке де, Білім министрлігіне де айтатын боламыз. Әкімге де жана
айттық. Мемлекеттік бағдарламалар қалай іске асып жатыр? Біз индикаторларға
жетіп жатырмыз ба? Елбасының қойған талаптарына сай ма? Солардың бәрін біз енді
қатаң бақылауға алатын боламыз.