Русский Сайттың толық нұсқасы

CRIRSCO жүйесін енгізуде білікті мамандар жетіспей жатыр

  • AstanaTV
  • 27 қараша 2017
  • 2197

Қазақстанда 2014 жылдан бері CRIRSCO бірыңғай үлгісі негізінде стандарттарды әзірлеу үдерісі басталған. Бұл жүйе пайдалы қазбалар қоры бойынша халықаралық стандарттарға көшуді қарастырады. Сондай-ақ Қазақстанның тау-кен өндіру өнеркәсібінің инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында енгізіліп отыр. Ал осы жаңа жүйені енгізуде жоғары білікті мамандар жетіспей жатыр.

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясында өткен жиында Инвестициялар және даму вице-министрі мәлімдеді. Басқосуда өнеркәсіп саласын дамыту бағытындағы бірқатар мәселелер сөз болды. Партия кураторы Аманжан Жамаловтың айтуынша, негізгі міндет - елдегі инвестициялық ахуалды қалыптастыру. Сондай-ақ ол экономикалық ынтымақтастық жайына тоқталды. Жиын қорытындысына сай, комиссия мүшелері CRIRSCO жүйесін енгізу бойынша білікті мамандар даярлау бағытында арнайы семинарлар өткізу мәселесін де қарады. 

Тимур Тоқтабаев, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі:

5 жыл мерзімде халықаралық стандартқа өтуге толық дайын болуымыз қажет. Ең басты мәселе - мамандарды даярлау. Өкінішке орай, білікті кадрлар тапшы. Мамандар жетіспеушілігін жойсақ, Қазақстанда кәсіпкерлік саласының өркендеуіне жол ашылар еді.