Русский Сайттың толық нұсқасы

Үкіметте 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары таныстырылды

  • AstanaTV
  • 28 қараша 2017
  • 3647

Бүгін Үкіметте Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын таныстырды. Бұл құжат экспортқа бағдарланған экономиканы қалыптастыруға бағытталған экономикалық және технологиялық өсудің жаңа моделін анықтайды. Негізгі сценарий бойынша экономикалық өсім жылына орта есеппен ЖІӨ-нің 4,5-5 пайызынан кем болмауы тиіс. Стратегиялық даму жоспары 7 реформаны қамтиды.

1-реформа «Жаңа адами капитал» өмір бойы оқытудың сабақтастығына, оқыту бағдарламаларын жаңартуға бағытталған. 2-реформа. Технологиялық жаңарту мен цифрландыруға негізделген. Үшінші - Бәсекелестік пен бәсекеге қабілетті бизнес секторды белсендіруге арналған. 4-реформа - Сыбайлас жемқорлықсыз құқықтық мемлекет құрып, сот азаматтардың құқықтық сауатын арттыруға бағытталған. 5-бағыт - мықты өңірлер. Өңірлердің экономикалық дамуына тәуелсіздігін арттыруды көздейді. 6-реформа-қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған. Және 7-реформа - мемлекеттік органдар мен ұйымдардың  рөлін арттыруды көздейді.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Өсудің үш драйвері айқындалды. Бірінші драйверді біз технологиялық экономика деп атаймыз. Ол базалық салаларды технологиялық жаңарту, цифрландандыру және оларды әлемдік нарықтардағы позицияларын күшейту.  Екінші драйвер - экспортқа бағдарланған салалардың өндіріс көлемін арттыру болып табылады. Өсудің үшінші драйвері - жаңа индустрия қалыптыстыру және қызмет көрсету салаларын дамыту.