Русский Сайттың толық нұсқасы

Біз елдегі экономикалық ғылымды түбегейлі жоқ қылдық - Т.Құлыбаев

  • AstanaTV
  • 29 қараша 2017
  • 2563

Қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдай кедендегі ортақ проблемаларды көрсетті. Бүгін ұлттық кәсіпкерлер палатасының кеңейтілген отырысында "Атамекеннің" төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев осылай деді. Оның сөзінше, көршілес ел тарапынан шекара төңірегінде жүздеген іс қозғалған. Мәселе шешілу үшін біздің кәсіпкерлерге тиімді жол ұсыну керек дейді ол.

Тимур Құлыбаев, «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы:

Ондағы жағдай қиындай түсті, үлкен контрабандалық әрекеттер болыпты. Біз мұны бұрын білмеп пе едік? Бұл кедендік жүйеде әлі де бас ауыртар мәселе бар екенін көрсетеді. Біріншіден, бұл жүйені біздің кәсіпкерлер үшін ыңғайлы ету керек. Екіншіден, кедендік комитеттің  тапсырмалары орындалуы керек.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Халықаралық саудада ілгерілеушілік жоқ. Бұл бірінші кезекте осы шекара мәселесі. Бізде теңізге апарар жол жоқ дегенімізбен, біз ондай жалғыз мемлекет емеспіз ғой. Барлық іс-шара кеден бекетінде. Бәрі қолмен жасалады. Бәрі бұлыңғыр. Салдарынан алға басушылық жоқ.

Жиында отандық көлік өндірісі де сөз болды. Сәтті жоба ретінде қатысушылар Өзбекстанды мысалға келтірді. Ондағылар көлікті шығарып қана қоймай, газ-химиялық ғылымға қадам басқан.  Қосалқы бөлшектерді де өздері шығарып отыр. Ал, біздегі көлік өндірісі дамып келе жатыр дегенімізбен, бұл саланың экономикаға әкеліп жатқан пайдасы шамалы, дейді Тимур Құлыбаев.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ