Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлыбритания Brexit үшін 60 млрд евро төлейді - Daily Telegraph

  • AstanaTV
  • 29 қараша 2017
  • 2582

Ұлыбритания Еуроодақтан шыққаны үшін 60 млрд евроға жуық қаржы төлейді. Бұл туралы Daily Telegraph газеті жазады. Бұл алдын ала болжам, нақты соманың қанша болатыны тараптардың өзара келісімінен кейін белгілі болмақ. Мәселе корольдіктің премьер-министрі Тереза Мэй мен Еуропалық одақтың басшысы Дональд Тусктің 4-ші желтоқсанға белгіленген кездесуінде талқыланбақ. Әзірге ақпарат құралдары бұл сома шамамен 45-55 млрд евро деген болжамды жазып жатыр.

Еурокомиссияның есебі бойынша, Ұлыбритания ақшаны 2020 жылға дейін төлеуге міндетті. Өйткені дәл сол кезде бірқатар еуропалық бағдарламаларды жүзеге асыру мерзімі аяқталады. Аталған жобаларды қаржыландыруға Лондон да қатысуы тиіс.

Айта кетейік, Brexit 2019 жылдың 29 наурызында Лондон уақытымен сағат 23:00-де күшіне енуі тиіс.