Русский Сайттың толық нұсқасы

3 ЖЭС іске қосу жылу өндірісіндегі тарифті ұстап қалуға мүмкіндік береді - «Астана-Энергия»

  • AstanaTV
  • 30 қараша 2017
  • 5251

3-ші жылу электр стансасын іске қосу Астанада жылу өндірісіндегі тарифті ұстап қалуға мүмкіндік береді. Бұл туралы біздің телеарнаға «Астана-Энергия» компаниясының басқарма басшысы Еркеғали Есенжолов мәлімдеді. Оның сөзінше, келер жылы қуатты тораптарды іске қосу үшін республикалық бюджеттен қосымша қаражат қарастырылып отыр. Нысанды іске қосу жылу өндірісіндегі тапшылықты жоюға да мүмкіндік береді. Бұл Астанада жаппай салынып жатқан құрылыстардан туындаған проблема. Компания басшысы нысанның пайдалануға дайын екенін жеткізді.

Еркеғали Есенжолов, «Астана-Энергия» АҚ басқарма төрағасы:

Бұл объектілерді балансқа емес, пайдалануға алып жатырмыз. 2018 жылға қарай қоссақ, дұрыс болар еді. Нысан бізге жылу торабын тұрақты ұстап тұру үшін аса қажет. Бүгінгі күні тарифті тұрақты күйде сақтау үшін де аса маңызды болмақ.

Жақында Астана қалалық табиғи монополияларды реттеу департаменті «Астана-энергияның» 2018-2022 жылдарға арналған тарифтерін бекітті. Заң жобасына сай ол қазан айында қоғамдық тыңдаудан өтіп, бір айдан соң бекітілген. 2018 жылдың шілде айына дейін жылу өндіретін ұйым қазіргі тарифті сақтап қалмақ. Жарты жылдықтан соң жылу өндірісінің бір гигакалориясы 1777 теңгеге өседі. Ал 2019 жылы тариф 1860 теңгені құрайды. 2020 жылы 1892 теңгеге дейін көтерілсе, 2021 жылы 1914 теңге болады деп жоспарланған. 2022 жылы 1980 теңге көлеміне тұрақтайды.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ