Русский Сайттың толық нұсқасы

Трамвай қағып кеткен қыздардың анасы жүргізушіден 1 жарым млн теңге материалдық шығын талап етті

  • AstanaTV
  • 30 қараша 2017
  • 3082

Трамвай қағып, көз жұмған павлодарлық оқушы қыздың анасы жүргізушіден 1 жарым млн теңге көлемінде материалдық шығын талап етті. Бұл туралы сот отырысында Шынар Уәлитованың қорғаушылары айтты. Бұл сома аман қалған 8 жасар Маралдың денсаулығына келген зиян мен психикалық жағдайына сәйкес есептелген.

Ал айыпталушы тарап процессуалдық келісімге келу туралы ұсыныс жасады. Уәлитованың шотына трамвай басқармасы мен кәсіпорын жұмыскерлері аударған 2 млн 350 мың теңгені де ескеруді сұрады. Алайда, жәбірленуші тарап бұл қаржының бүгінгі іске қатысы жоғын айтты. Келесі сот отырысы желтоқсанның 7-сіне белгіленді.

Еске салсақ, қыркүйекте Павлодар көшелерінің бірінде апалы-сіңілі қос оқушыны трамвай қағып кетті. Балалардың бірі оқиға орнында көз жұмса, екіншісі жансақтау бөліміне түсті.