Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы жұртшылығы Мұзафар Әлімбаевты ақтық сапарға шығарып салды

  • AstanaTV
  • 29 қараша 2017
  • 3323

Алматы жұртшылығы ақын Мұзафар Әлімбаевты ақтық сапарға шығарып салды. Қазақ әдебиетінің классигі атанған азаматпен қоштасуға келгендердің қарасы қалың. Арасында қаламгердің туған-туыстары, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар мен замандас іні-әріптестері бар. 95 жасына қараған шағында өмірден озған Мұзафар Әлімбаев ғұмырының 70 жылын қазақ руханиятының өркендеуіне арнады. 70-ке жуық төл тума және аударма кітаптарының авторы атанды. 180-дей әнге өлең жазды. Шығармалары әлемнің 20 тіліне аударылған. Әсіресе қазақ балалар әдебиетінің іргетасын қалады. «Балдырған» журналының ашылуына бастамашы болып, 30 жылдай бас редакторы қызметін атқарды. Тұтас бір дәуірдің жүгін арқалаған арда азаматтың денесі Кеңсай қорымына жерленді.

Темірхан Медетбек, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты:

Мұзағаның артында бір керуенге жүк болатын шығармасы қалды. Оның шығармаларында тек халықтың жаны мен халықтың тілі, халықтың әні, халықтың сөзі сөйлеп тұратын.

Нұрлан Оразалин, ҚР Жазушылар одағының төрағасы:

Есімін айтатын, қастерлеуге толық болатын ғұмыры бар бір қазақтың қасқа мінезді азаматы өтті ғой деп ойлаймыз біз. Мұзағаң өтіп бара жатыр. Мұзағаңмен бірге бір дәуір өтіп бара жатқан секілді.