Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда криптовалюта айласының тұзағына түскен құрбандар пайда болды

  • AstanaTV
  • 04 желтоқсан 2017
  • 2632

Қазақстанда криптовалюта сату алаяқтығы анықталды. Электронды ақша сатып, пайда таппақ болған күдікті ұсталды. Астана қалалық Ішкі істер департаментіне екі бірдей азамат арыз түсірген. Олар биткоин сатып алмақ болған. Электронды ақша сатушысын әлеуметтік желі арқылы тауып, онымен кездеседі.

Күдіктінің торына түсіп қалған біреуі 11 200 АҚШ долларынан, ал екінші кәсіпкер 1 млн 200 мың теңгесінен айрылып қалған. Айласын асырмақ болған күдікті ұсталды. Ол 28 жастағы Алматы қаласының тұрғыны болып шықты.

Астана қаласы Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Софья Қылышбекованың айтуынша, ол қазір криптовалютаны сату алаяқтығы дерегі бойынша күдікке ілігіп отыр.

Софья Қылышбекова, Астана қаласы ІІД баспасөз хатшысы:

Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабы, яғни алаяқтық бабы бойынша, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар бірнеше арыздар келіп түскен. Сол арыздар бойынша да жұмыс жалғасуда.