Астанадағы
Сирия келіссөзі тамызда жалғасауы мүмкін. Алтыншы кездесу шамамен 14-15 тамызға жоспарланған. Бұл туралы Интерфакс агенттігі сенімді ақпарат көздеріне
сүйеніп жазды. Алайда Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Астана процесі
қай күні жалғасатыны туралы ақпарат бермеді.
Бұған дейін кезекті кездесу
тамыздың аяғына жоспарланған болатын. Астана алаңындағы Сирия келіссөзі осы
уақытқа дейін 5 рет ұйымдастырылды. Тараптар Сириядағы соғысты тоқтату туралы
бір бітімге келуді мақсат тұтады.