Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда қалалық демократиялық күштер коалициясының кезекті отырысы өтті

  • AstanaTV
  • 05 желтоқсан 2017
  • 2664

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Алматыда демократиялық күштер коалициясының кезекті отырысы өтті. Жыл сайын бірнеше рет жиналып, қоғамдағы ең маңызды мәселелерді талқылайтын құрамға елдегі жетекші партия өкілдері, Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері мен ғалымдар кіреді. Бұл жолы мамандар «Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мең жеңістері» деген тақырыпта пікір алмасты. Тарихшы, алаштанушы ғалым Хангелді Әбжанов тәуелсіздік жылдары алған асулар мен алдағы жоспарлар туралы ғылыми тұрғыдан сөз қозғады. Белгілі тарихшы «Қазақстан жолы» деген мәселенің қоғамда көп талқыланбай, ұмыт болып бара жатқанын айтады. Ол бүгін Елбасы ұсынған осы бағдарламаның өте маңызды екенін жиналғандар есіне салды.

Хангелді Әбжанов, тарих ғылымдарының докторы, алаштанушы:

Өз басым осы орайда, «Қазақстан жолы» деген мәселені көтерсемін деп тұрмын. Өйткені бұл ұғым, бұл формула 1992 жылы алғаш рет айтылды. Содан бері 25 жыл өтті. Ол кездейсоқ қана айтылған сөз болып көрініп еді. Ол бүгін тұтас бір ілім ретінде, Елбасының ұлы идеясы ретінде өмірге толығымен кірді.

Айта кетейік, Қазақстан демократиялық күштер коалициясы 2011 жылы құрылған болатын. Ұйым Елбасының ұсынған реформаларын жүзеге асыруда ықпалды партиялар мен қоғамдық ұйымдарды, елдегі зиялық ауымның басын біріктіріп отырған күш. Елдегі саяси-экономикалық бағдарламаларды халыққа насихаттаудың өзіндік рөлін қалыптастырып үлгерді.