Русский Сайттың толық нұсқасы

Нью-Йоркте салмағы 709 карат болатын ең үлкен гауһар тас 6,5 млн долларға сатылды

  • AstanaTV
  • 05 желтоқсан 2017
  • 3496

Нью-Йоркте аукционға қойылған 709 карат болатын үлкен гауһар тас 6,5 млн долларға сатылып кетті. Рейтерстің хабарлауынша, асыл тас осыдан жарты жыл бұрын Сьерра-Леоненің кен орындарынан табылды. Қазір бұл мемлекет тарихындағы ең үлкен гауһар саналады. Айта кетерлігі, алмаз кен орындары Солтүстік Африкада орналасқан Сьерра-Леоне Республикасының мақтанышы. Бұған дейін 1972 жылы салмағы 969 карат болатын асыл тас табылған еді. Inquirer.net, порталының хабарлауынша, гауһарды британдық Лоренс Графф есімді зергер сатып алған. Үлкен тастан бірнеше әшекей бұйым жасауға болады. Алайда шебер, өзінің жоспарларымен бөліскен жоқ.