Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстау облысындағы газ тапшылығы жалғасын тапты

  • AstanaTV
  • 01 тамыз 2017
  • 2910

Маңғыстау облысындағы газ тапшылығы жалғасын тапты. Аймақтағы жанар-жағармай  бекеттерінің барлығында ұзын-сонар кезек. Көлік жүргізушілері 8-10 сағаттан күтуге мәжбүр. Бірақ газ тапшылығы бүгін-ертең шешілмейді. Облыс әкімдігі жағдай тек қазан айында ғана түзелетінін айтып, жұртты сабырға шақырды.

Маңғыстаудағы жанар-жағармай бекеттеріндегі ұзын-оснар кезек қалыпты жағдайға айналған. Таң атқаннан жұрт осында ағылады. Сол күні қолы жетсе, шүкіршілік етеді. Жекеменшік бекеттерде газ талон арқылы беріледі. Сондықтан мемлекеттік станцияларда кезекті зарығып күтуден басқа амал жоқ, - дейді көлік иелері.

Жұмабай,  жүргізуші:

Азаннан бері, 7-ден бері, осы жерде отырмыз, 5 сағат болды. Еш возможность жоқ заправить етуге Анда барсаң, машина күтіп отырады. Мында барсаң, машина күтіп отыр 5-6 сағат. Жағдай жақсы емес.

Игорь Шаров, жүргізуші:

Кімге жүгінерімді білмеймін, не сұмдық. Бәлкім, әкім әрекет етер.  Ол неге жұмыс істемейді? Біз неге үнемі осындай жағдайға тап боламыз? Өз зауытымыз бар, ал біз қиналып жүрміз.

Маңғыстаудағы жергілікті газ өндіруші зауыт ай сайын 14000 тонна көгілдір отын шығарады. Ал Маңғыстау облысындағы көліктердің 70 пайызы сұйытылған отынмен жүреді. Бұл жерде қиналып жүрген тек қарапайым халық қана емес екен, сонмен бірге бай-бағландар да жылап жүр.

Венера Мустапаева, Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы:

Жергілікті ірі кәсіпкермен сөйлестім. Қазір әр адам, өз ақшасына келгенде, жақсы санайды. Есімдерін айтпай-ақ қояйын, туризм саласында трансферт деген ұғым бар, ірі қонақ үй басшыларында  қымбат көліктері бар, олар сонымен құрметті қонақтарды қарсы алады. Бұрындары олар 97, 93 жанар жағармайын пайдаланса, ал қазір барлығы газға көшті.

Бензин қымбаттағалы биылғы жылдың басында 10 мың жүргізуші газға көшкен. Жағдайдың ушығып кетуі осы деп отыр жанар-жағармай саласының мамандары. Ай сайын 180 автобекет 14 мың тоннаның 9 мыңнын өзара бөліп алып отырады екен.

Тоғанияз Буханулы, жанармай бекетінің басшысы:

Мұнай газы қайдан? Дунга кен орны шетелге сатады. Қарақұдықмұнай да шетелге сатады. Неге? Өйткені Өзенмұнайгазға сатса, арзан болады. Бұл мәселені үкімет деңгейінде шешу қажет. 

Мәселе облыс әкімдігінде де көтерілді. Жиында аймақ басшысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының жұмысын сынға алды. Жауаптыларға 7 жылдық проблеманы қысқа уақытта шешуді тапсырды. Тапсырма орындалмаса, қатаң жаза қолданылмақ. Тіпті жұмыстарынан да айырылуы мүмкін. 

Диана САПАРҚЫЗЫ