Русский Сайттың толық нұсқасы

Әбілязов пен Храпуновтар жазадан құтылмайды - Қайрат Қожамжаров

  • AstanaTV
  • 08 желтоқсан 2017
  • 3355

Шетелде бой тасалап жүрген экс-шенеуніктер елдегі 8 млрд долларды жымқырып кеткен. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров мәлімдеді. Қазақстанда Соңғы 16 жылда 10 мыңнан астам жемқор сотталған. Олардың ішінде 2 экс-премьер, 17 төраға, министрлер мен олардың орынбасарлары, 15 облыс пен қала әкімдері бар. Агенттік төрағасының айтуынша, шетелге қашқан 205 жемқордың 152-сі елге қайтарылды. Қазақстан жемқорлар мен олардың активтерін қайтару бойынша 40-тан астам мемлекетпен xалықаралық келісімді рәсімдеді. Ол Испания, Түркия, Оңтүстік Корея, Біріккен Араб Әмірліктері, Литва және тағы басқа елдер.

Қайрат Қожамжаров, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

"Әлі күнге дейін жемқор министрлер мен әкімдер шетелде тығылып жүр. Олардың барлығы 8 млрд доллардан астам қаржыны жымқырып кетті. Әрине, бірінші кезекте ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі Әбілязов пен Храпуновтарды атап өткен жөн. Бүгінде олар саяси баспананың арқасында жазадан құтылып кетеміз деп ойлайды. Бірақ біз олардың жазадан құтыла алмайтынына сенімдіміз".