Русский Сайттың толық нұсқасы

Халықаралық террористермен байланысы бар 5 шетел азаматы ұсталды

  • AstanaTV
  • 08 желтоқсан 2017
  • 2347

Петропавлда халықаралық террористермен байланысы бар деген күдікпен 5 шетел азаматы ұсталды. Олар Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің арнайы тексеріс шарасы кезінде анықталған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Алайда, құқыққорғау органдары олар қай елдің азаматтары екенін хабарламады. Күдіктілерді серіктес елдің құқыққорғау органдарына беру қарастырылып жатыр.