Алматыда
«қарулы жиһад» жасамақ болған қылмыстық топ кәсіпкерлерден ақша бопсаламақ
болған. Қалалық ішкі істер департаментінің ресми өкілі қылмыстық жолмен
табылған қомақты соммаға күдіктілер Қырғызстаннан қару-жарақ сатып алуды
жоспарлағанын айтты.
Осыған дейін тәртіп сақшыларының ел аумағында заңсыз деп
танылған «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының әрекетін насихаттаған үш азаматты
ұстағандығын хабарлаған едік. Олардың құқық қорғау органы қызметкерлеріне
қоқан-лоққы көрсетіп, қоғамда бүлік тудыруға әрекет еткендігі де белгілі.
Күдіктілерге терроризмді насихаттау және лаңкестік әрекеттерге шақыру деректері
бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:
Жұмағұловтың
бастамасымен үлкен бір ірі қылмыстық топ құрылмақшы еді. Яғни жеке
кәсіпкерлерден қомақты соммадағы ақшаларды бопсалау мақсатында. Бұл деректерге
тосқауыл қоя біліп, жалпы, полиция қызметкерлері тергеуді жалғастыру үстінде.