Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда «қарулы жиһад» жасамақ болған қылмыстық топтың кәсіпкерлерден ақша бопсаламақ болғаны белгілі болды

  • AstanaTV
  • 08 желтоқсан 2017
  • 2586

Алматыда «қарулы жиһад» жасамақ болған қылмыстық топ кәсіпкерлерден ақша бопсаламақ болған. Қалалық ішкі істер департаментінің ресми өкілі қылмыстық жолмен табылған қомақты соммаға күдіктілер Қырғызстаннан қару-жарақ сатып алуды жоспарлағанын айтты.

Осыған дейін тәртіп сақшыларының ел аумағында заңсыз деп танылған «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының әрекетін насихаттаған үш азаматты ұстағандығын хабарлаған едік. Олардың құқық қорғау органы қызметкерлеріне қоқан-лоққы көрсетіп, қоғамда бүлік тудыруға әрекет еткендігі де белгілі. Күдіктілерге терроризмді насихаттау және лаңкестік әрекеттерге шақыру деректері бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

Жұмағұловтың бастамасымен үлкен бір ірі қылмыстық топ құрылмақшы еді. Яғни жеке кәсіпкерлерден қомақты соммадағы ақшаларды бопсалау мақсатында. Бұл деректерге тосқауыл қоя біліп, жалпы, полиция қызметкерлері тергеуді жалғастыру үстінде.