Иерусалим мен Иордан өзенінің
батыс жағалауында Трамптың Иерусалимді Израильдің астанасы деп тану керек деген
мәлімдемесіне қарсы нарызылықтар тоқтар емес. АҚШ-тың шешімінен соң араб елдері
бірінен соң бірі көтеріліп жатыр. Рейтерстің хабарлауынша, шерулерге тек батыс
жағалаудағы палестиналықтар ғана емес, сонымен қатар Иордания және Ливан халқы
да шығып жатыр. Белсенді топ Иерусалимнің арабтар мекендеген, Әл-Ақса мешіті
орналасқан Әл-Кудс қаласы Палестинаның ажырамас бөлігі болып қалады және оған
Трамптың ешқандай шешімі әсер ете алмайды деп бекінген. Палестиналықтар бар
халқын қарсылық акциясына қатысуға шақырып отыр. Наразылық шерулері тоқтамақ
емес.
Ал Хезболла көшбасшысы Хасан Насралла бейнебайланысқа шығып,
палестиналықтарды Израильге қарсы соғысуға шақырды. Аль-Каида террорлық ұйымы, Иерусалимді Израиль астанасы деп мойындағаны үшін, АҚШ пен Израильге және
одақтастарына соққы жасайтынын мәлімдеді.
Айгүл ӘДЕПБАЙ