Русский Сайттың толық нұсқасы

Медициналық сақтандыру қорына бір ай ішінде 800 млн теңгедей қаржы түскен

  • AstanaTV
  • 01 тамыз 2017
  • 2239

Медициналық сақтандыру қорына бір ай ішінде 800 млн теңгедей қаржы түскен. Ол 300 мыңнан аса адамға төленген. Бүгін Үкімет отырысында жаңа жүйенің алғашқы айы туралы есеп берілді. Жұмысшылардың денсаулығын сақтандыруға белсене кіріскен облыстар да белгілі болды. Ал ақпараттық-түсіндіруді құрдымға жібергендер Премьерден ескерту естіді. Мөлдір Бақытқызы тарқатады.

Тура бір ай бұрын елде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі құрылды. Барлық жұмыс беруші Сақтандыу қорына жалақының 1 пайызын аударуға міндетті. Есесіне ол қаражатқа жұмыскері емханаларда тегін қаралады. Қор басшысы Елена Бахмутова бір айда 800 млн теңге түскенін айтты. Келесі айдағы жоспар 4,5 млрд, ал жыл соңында 27 млрд теңге болады дейді. Бұл ақша елдегі медицинаның сапасын көтеруге бағытталуы тиіс.

Елена Бахмутова, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрайымы:

Лидерами по уплате отчислений и взносов являются четыре региона - это ВКО, Карагандинская, Костанайская и Алматинская области, которые в совокупности формируют 49% от поступлений в фонд.

Ал кейбір өңірлерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары құрдымға кеткен. Рейтинг бойынша 50 пайыздан төмен қамтыған облыстар бар. Жұмыс берушіден бөлек, еш  жерде тіркелмеген адамдар да сақтандыру қорына қаржы құймаса, ем-домсыз қалуы мүмкін.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Работы практически не проводятся, а проваливаются, поэтому акимов некоторых областей собрал, чтобы доложились.

Жаңа жүйе бір айдан бері жұмыс істеп тұрса да, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы әлі көндіккісі жоқ. "Кәсіпкерлер үшін қосымша салық" деп әу баста қарсы шыққан палата пайыздық үстемені азайтқан. Ал экс-атамекендік Рақым Ошақбаев Денсаулық сақтау министрілгін "жекпе-жек" дебатқа шақырып, барын салды. Тіпті Бахмутованың жалақысына да тиіскен. Тиісті заң қабылданып кетсе де, палата "тұяқ серпіп" қалмақшы ма? Жұмыс тобын құруды сұрайды.

Юлия Якупбаева, "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары:

Бахытжан Абдирович, учитывая большое количество госорганов и сжатое количество, просим создать рабочую группу на уровне Правительства. 

Әлеуметтік желідегі халықтың көңіл-күйін үнемі бақылап отыратын Бақытжан Сағынтаев  палатының ұсынысын қоштады.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Мы видим в сетях, в прессе идет много обсуждений, много непонятных моментов, надо правильно разъяснять. Мы вчера с вами говорили.

Ал медициналық сақтандыру қоры туралы ақпаратты және қорға кім қанша төлеуі тиіс қажеттігін, ресми сайттан оқып-білуге болады.