Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада "Нұр Отан" партиясы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін түсіндіріп жүр

  • AstanaTV
  • 01 тамыз 2017
  • 2768

Университет және колледж бітірген түлектер үш ай бойы емханалардан тегін, медициналық сақтандырусыз емделуге құқылы. Одан кейін жұмысқа тұрып, болмаса, жұмыспен қамту орталығында тіркеліп,  ай сайын керекті төлемдерін салып туруы міндет. Ал еліміздің кез келген тұрғыны өзі тіркелген емханадан ғана емін алуға тиісті.

Қызылордада "Нұр Отан" партиясы калалық филиалының белсенділері мен медицина саласының мамандары жергілікті тұрғындарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің бүге-шүгесін түсіндірді. Бұл жұмыстар тек мекемелерде ғана емес, сонымен қатар базар, алаң, саябақ, вокзалдарда жүргізіліп жатыр. Бүгін партиялықтардың кезекті кездесуі "Қазақтелекомның" жергілікті филиалы қызметкерлерімен өтті.

Венера Садманова, № 2 қалалық емхана бас дәрігерінің міндетін атқарушы:

Халық арасында көбіне туып жатқан сұрақтар - стационарлық ем алу, стационардан емді қалай аламыз, бұрынғыша портал арқылы әлде квота арқылы - сол сұрақтар көбіне мазалайды. Ол жағдайда ол кісілер медициналық страхованиесі болса, мысалы, медициналық сақтандыруы болса, ешқандай да қам жемей, әрі қарай ала береді емді.

Бағдат Серікұлы, "Нұр Отан" партиясы Қызылорда қалалық филиалының бөлім меңгерушісі:

"Нұр Отан" партиясы Қызылорда қалалық филиалының қызметкерлері толық қаланы қамтамасыз етіп, медициналық сақтандыру жұмыстары бойынша нақты жұмыстар жүргізіп жатыр, түсіндіру жұмыстарын. Базарда, қара жұмыс жасап жатқан қызметкерлерге жұмыс жасап жатқан жерлеріне барып, ол жерлерде де түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.