Русский Сайттың толық нұсқасы

Биыл Тобыл өңірінде "Сәтті қадам" жобасы аясында 25 кәсіпорынмен меморандум жасалған

  • AstanaTV
  • 08 желтоқсан 2017
  • 2208

Биыл Тобыл өңірінде "Сәтті қадам" жобасы аясында 25 кәсіпорынмен меморандум жасалған. Осылайша көптеген жастар екі қолға бір күрек тапқан. Бұл биыл атқарылған жұмысты қорытындылаған «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалының кеңейтілген отырысында айтылды.

Жыл басынан бері бас партияға 10 мыңнан астам адам жүгінген. Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындардың 65 пайызы ақыл-кеңес алса, қалғандарының мәселесі оң шешімін тапқан. Облыстық филиал жыл басынан бері 400 мың адамды қамтитын 4 мыңнан астам іс-шара өткізген. Қазіргі таңда астықты аймақтың 64 мыңнан астам тұрғыны - нұротандықтар. Өңірде 434 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді. Партия өкілдерінің айтуынша, партиялық жобалар нәтижесін беріп жатыр. Ал аймақтағы мемлекеттік бағдарламалардың іске асуы партиялықтардың жіті бақылауында.

Алма Досжанова, Қостанай облыстық мәслихатының депутаты,«Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Депутатық корпустың негізгі міндеті - партиямен бірлесе отырып, мемлекеттік бағдарламалардың толық жүзеге асуын бақылау. Мәселен, "нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіперлік бағдарламасы", тұрғын үймен қамту. Бұған қоса, аймақтың индустрияландыру картасы тағы бар. «Модернизация 3» бағдарламасы. Осының бәрін жүзеге асыру - мемлекеттік және партиялық міндет. Елбасымыз да дәл осылай айтқан болатын.