Әлемде
биомасса қалдықтарын кәдеге жарату бойынша озық елдердің бірі - Батыс
Африкадағы Бенин Республикасы. Жергілікті халықтың басым бөлігі ауыл
шаруашылығымен айналысады. Сондықтан баламалы қуат көздерін пайдалану аса
өзекті.
Бүгін ЭКСПО аумағында Бенин Республикасының ұлттық күні өтті. Қазақстан мен Бенин
арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына биыл 6 жыл. Қонақтар екіжақты
байланыстың нығая түсеріне сенімді.
Қара құрлықтағы шағын мемлекет 1960 жылға
дейін Франция құрамында болған. Тәуелсіздік алғанына жарты ғасырдан асқан елде
халық саны 12 млн-ға жуықтайды. Дәстүрге сай мерекелік шарада екі елдің тулары
көтеріліп, əнұрандары орындалды. Білім жəне ғылым министрлігінің жауапты
хатшысы Бениннен келген делегация өкілдерін ұлттық күнімен құттықтады.
Концертте бишілер мың бұрала билесе,
дауылпаздар ұлттық нақыштағы туындыларды орандап, жұрттың назарын еріксіз
аударды.