Русский Сайттың толық нұсқасы

Тынымсыз жауған қалың қар Астана халқын абдыратып қойды

  • AstanaTV
  • 11 желтоқсан 2017
  • 2675

Әбігерге салған ақ ұлпа. Екі-үш тәуліктен бері тынымсыз жауған қалың қар Астана халқын абдыратып қойды. Күн райының күрт өзгеруі әуе рейстеріне де ыңғайсыздықтар туғызған. Ал қаладағы коммуналды қызмет күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Қар тазалау ісіне 2 мыңнан аса адам жұмылдырылды. Алдағы уақытта табиғат қандай тосын сыйын дайындап отыр? Тілшіміз Диана Сапарқызы тарқатады.

Ауа райының қолайсыздығынан Астанада 4 рейс тоқтатылған. Тағы 10 ұшақ уақытынан кешігіп ұшты. Әуежай өкілдерінің айтуынша, бұл шаралар қауіпсіздік үшін қолға алынған. Яғни әуе кемелерінің терезелері мұздақтардан тазартылып, өзге де қажетті жұмыстар жасалды. Қалың қар коммуналды қызмет өкілдерін де әбігерге салды. Шаһар көшелерін ақ ұлпадан тазарту ісі тәулік бойы жалғасып жатыр. Ал тұрғындар қардың жаңа түскеніне қарамастан, тазалау жұмыстарына баға беріп үлгерді.

Пойдет. Просто не успевают снега много.

Плохо чистят. Потому что дороги кругом снежные. Может, не успевают.

Бибігүл Тұяқова, қала тұрғыны:

Биыл қар тазаулау деңгейі нашар. Қала билігіне айтарым, қарды түнгі мезгілде тазаласа деймін. Себебі күндіз жол тазалау техникаларының кесірінен кептеліс болады. Көшелер онсыз да тар. Көлік апаты болмас үшін, үнемі құм себуді сұраймын.

Астананың коммуналды қызметі күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Тәулік бойы 2 ауысыммен ақ ұлпаны тазалауда. Аталған сала өкілдерінің ақпарына сай, бүгін қаладан 42000 текше метр қар шығарылды. Тынымсыз жұмысқа мыңнан астам техника жұмылдырылған.

Боранбай Болатбеков, «Астана Тазалық» ЖШС бас директоры:

Тайғанақ болмасын деп тұз бен құм қосылған 550 кубтай қалаға кешеден бері соның бәрі шашылды. Мектеп, бала-бақшаларға, ауруханаларға бүкіл жол ашық. Қаланың жолын түні бойы істеп сыпырып, осы Астана қаласының тұрғындары жұмысқа қиналмай барсын деп, осы іс-шараның бәрін түні бойы жасап, бүгін өздерңіз көріп тұрсыздар.

Коммуналды қызмет өкілдерін әлі де қыруар жұмыс күтіп тұр. Өйткені синоптик мамандар,  алдағы тәуліктерде қардың толассыз жауатынын болжап отыр.

Мадина Алтаева, «Қазгидромет» РМК синоптигі:

Астана қаласы бойынша үш күндік ауа райы 12 желтоқсанда түнде және таңертеңгесін қар жауады. Температура түнде 16-18. Күндіз 12 гардусқа дейін төмендейді.

Ауа-райын болжаушылардың сөзінше, желтоқсанның 14-не қарай күн ашылады.  Елордада сынап бағанасы -22 градусқа дейін төмендейді деп отыр. Яғни арқаға сарышұнақ аяз келеді деген сөз.