Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда жарты миллиард теңгеге жалған құжат жасамақ болған екі азамат ұсталды

  • AstanaTV
  • 12 желтоқсан 2017
  • 2447

Оралда жарты миллиард теңгеге жалған құжат жасамақ болған екі азамат ұсталды. Кейінірек олардың Ақтөбе облысының тұрғындары екені анықталды. Қазір олар қамауда отыр. Бұл азаматтар екі серіктестіктің атынан 445 миллион теңгеге жалған шот-фактура жазып бермек болған. Әрі осы қызметін 25 миллион теңгеге бағалапты. Әзірге оларға қай компаниялардың тапсырыс бергені айтылар емес. Мемлекетке келген шығын 127 миллион теңгеден асты. Жалпы жыл басынан бері өңірде жалған құжаттарды толтыру дерегі бойынша 8 қылмыстық іс қозғалған. Шығын көлемі 2 миллиард теңге шамасында.

Жұмабай Ермеков, БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің аға офицері:

Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдіктілердің қылмысқа кінәлілігі дәлелденсе, құқықбұзушыларға мүлкін тәркілей отырып, 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.