Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауыл тұрғыны мектептегі мүліктер сатылған дейді, ал директор мұны жоққа шығарды

  • AstanaTV
  • 12 желтоқсан 2017
  • 3555

«Мен парталарды сатқан жоқпын». Оңтүстіктегі ауыл мектебінің директоры осылай деді. Біздің арнамызға хабарласқан Бәйдібек ауданына қарасты Қошқарата ауылының тұрғыны Әсемгүл Күлмаханова мектептегі мүліктердің сатылып жатқанын айтқан еді. Оның сөзінше, саудаға түскен парталардың біразын өзі де алған.

Әсемгүл Күлмаханова, ОҚО Қошқарата ауылының тұрғыны:

Дәлелім - мына парта. Менен басқа қанша адам алып жатқаны белгісіз. Дәлелдеп, көрсетіп тұрмын міне, екі парта алғаным. Әжетіме жаратып жатырмын, ұрлап алғаным жоқ. Өзінен сатып алдым.

Ауыл тұрғыны мемлекеттік мекемеге тиесілі мүліктердің сатылып жатқанына бей-жай қарай алмаймын дейді. Өзінен басқа да бірнеше куәгердің бар екенін алға тартты. Бұл мәселеге қатысты аталған білім ошағы басшысының өз уәжі бар. Мектеп директоры мұның барлығын теріске шығарып, "маған жабылған жала" деп отыр. 

Бауыржан Адилаев, ОҚО «Кеңсай» орта мектебінің директоры:

Барлығы жалған. Соттың шешімі сот процесінде ешқандай анықталмаған.  Анықталмағандығы жөнінде қолымызда  шешім бар. Көмір сатылды, мүлік сатылды, басқа сатылды деген барлығы жалған болып шыққан. Үйіндегі парталарды мен сатқан болсам, келіп дәлелдеп берсін. Мен бұл мектепке ауысып келгеніме алты-ақ ай ма, сондай болды. Мен басқа мектепте істеп келгем.