Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда жалған ақша жасаумен айналысқан екі топ әшкереленді

  • AstanaTV
  • 13 желтоқсан 2017
  • 5113

Алматыда жалған ақша жасаумен айналысқан екі топ әшкереленді. Мемлекеттік кірістер департаменті жүргізген тексеру барысында біраз жәйттің беті ашылды. Олардың бірі екі мың теңгелік купюралар жасаумен айналысып келген. Яғни банкнотты қарапайым принтерде басып шығарып, арнайы голограмма мен фольга жабыстыру арқылы, айналымға шығарған. Екі азамат ұсталып, А-4 форматтағы қағазға басып шығарылған 58 дана жалған ақша табылды. Ал екінші топ АҚШ долларын жасаған. Жалған банкнот арқылы қымбат телефондар сатып алуға ниеттенген сыңайлы. 

Абылай Мырзаханов, Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:

Екі жас азамат жалған 9700 АҚШ доллары көлемінде жалған банкноттарды заңсыз айналымға жіберген.

Департамент өкілі «Алматыметроқұрылыс» компаниясынан 7 миллиард теңгедей қаражаттың жымқырылуы бойынша істің неге созылып кеткені туралы мәлімет берді. Бұл қаржы құрылыс жабдықтарын өз құнынан жоғары бағалау арқылы ұрланған деген болжам айтты. Тергеу ісі осы жылдың маусымында басталған. Абылай Мырзахановтың сөзіне сүйенсек, сараптама жұмыстары жалғасуда. Іс толық аяғына жеткенде, нақты ақпарат берілмек.