Биыл еліміздің әуежайларында рейстердің ұшу тұрақтылығы 3 пайызға төмендеген. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің өкілдері айтты. Салтанат Томпиеваның мәлімдеуінше, былтыр әуе рейстерінің тұрақтылығы 90 пайыз болса, биыл 87 пайызды құрап отыр. Ұшақтардың уақытынан кешігіп ұшуы көбінесе, ауа райының әсерінен болады. Екінші кезекте техникалық ақаулардың салдарынан келеңсіздік орын алады деп түсіндірді басқарма басшысы.
Салтанат Томпиева, ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің басқарма басшысы:
Биылғы
жылдың 11 айына сараптама жасадық. 2016 жылмен салыстырғанда, әуе рейстерінің
ұшу тұрақтылығы төмендеп отыр. Мұның бірнеше себебі бар. Негізгілері ретінде
әуе кемелерінің уақытынан кешігіп ұшып-қонуын айтар едік.