Қырғызстан өзінен шығатын ет-сүт өнімдеріне жаңа нарықтар іздестіруге кірісті. Бұл туралы осы елдің премьер-министрі Сапар Исаков мәлімдеді. Рейтерстің хабарлауынша, қазақ-қырғыз шекарасындағы күшейтілген бақылаудан кейін Қырғызстан 14 миллион доллардан астам шығынға батқан.
Сапар Исаков, Қырғызстан премьер-министрі:
Қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдай біз үшін сабақ болды. Сондықтан қазір нарықты әртараптандыруға кірісіп жатырмыз.
Мырзанбек Орунбаев, ет өңдеу зауытының директоры:
Біз өнімді Еуроодақ елдеріне экспорттай аламыз. Жаңа жылдан бастап алғашқы бөлігін жіберуді жоспарлап отырмыз. Сонымен бірге, көршілес Өзбекстан мен Тәжікстан нарығын қарастыру да ойда бар.
Еске
салсақ, Қырғызстаннан келген тауарларды күшейтілген тәртіпте тексеру 10 қазанда
басталған. Мұндай шара контрабандамен күресу мақсатында ұйымдастырлды. Ал,
мәселеге екі елдің президенттері араласқан соң, Қырғызстанмен екі жақты Жол
картасы жасалды. Бұл құжат шекарадағы бірлескен жұмыстарды
барынша нәтижелі етуге бағытталған.