Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада «Союз меха» тондар көрмесі өтіп жатыр

  • AstanaTV
  • 14 желтоқсан 2017
  • 6348

Мерекеде жақындарына сыйлық жасауды ұйғарған Астана тұрғындары үшін жағымды жаңалық. Елордада ресейлік «Союз меха» фабрикасының көрме-жәрмеңкесі өз есігін ашады. Мұнда астананың сәнқой бикештері үшін керемет тондар мен ішіктердің сан алуан түрі бар. Таза тері мен былғарыдан тігілген бұйымдар қолжетімді бағамен саудаға шығарылған, тіпті бөліп төлеу мүмкіндігі бар.

Қаракүзен, бұлғын, мутон мен түлкі терісінен тігілген 3 мыңға жуық тондар. Нағыз сәнқойлар үшін бұл керемет мүмкіндік. Көрме орталығында таңдау да көп. Бастысы, талғамыңыз жоғары болса болғаны. Мұнда кез келген жан өзіне қажетті ішіктерге тиімді бағада қол жеткізе алады. Пайызсыз несиеге алу да қарастырылған. 40 пайызға дейінгі жеңілдіктер тағы бар.

Мөлдір Асқанова, сатушы-кеңесші:

Пятигорск қаласынан келген жәрмеңке Астана қаласында бірінші рет емес. Бізде жаңа топтамалар өте көп. Шубалар түрі норка, мутон, лиса, чернобурка жас қыздарға арналған. Үлкен кісілерге, ер кісілерге арналғандар бар. Сонымен қатар 24 айға бөліп төлеп алуға да болады. 

Мұндағы тондардың тігісі жатық, фурнитурасы орнықты әрі аса ұнамды. Ерлерге арналған тондарды да табуға болады. Ал әйелдер үшін ұзын және қысқа түрлері бар. Өнімдер негізінен Ресей мен Канадада шығарылған. Бұл көрмеден тек тондардың қарапайым үлгілері емес, түрлі түсті, табиғи және боялған түрлерін де таба аласыз. 38 бен 74-ші өлшем аралығындағы бұйымдар алушысын күтеді. Бағасы көңілге қонымды.

Светлана Гученкова, сатушы-кеңесші:

Мутоннан жасалған кеудешелерден бастап, классикалық модельдердің түр-түрі бар. Автоледи, яғни көлік басқаратын жас қыздарға арналған шолақ тондарды да таба аласыздар. Өнімдердің сапасы өте жоғары. Кез-келген сатып алушыға арнайы жеңілдіктер бар. Мереке қарсаңында барлық келушілерге есігіміз ашық. 

Көрме-жәрмеңке Астана қаласындағы Тәуелсіздік көшесі 52 мекенжайында орналасқан «Тәуелсіздік сарайы» ғимаратында өтеді. 16-шы желтоқсаннан бастап 7-ші қаңтарға дейін жалғасады. Сағат 10-нан 19:00-ге дейін жұмыс істейді, келемін деушілерге есік ашық.