Русский Сайттың толық нұсқасы

2024 және 2028 жылдары жазғы олимпиада өтетін қалалар белгілі болды

  • AstanaTV
  • 01 тамыз 2017
  • 3754

2024 және 2028 жылдары жазғы олимпиада ойындары өтетін қалалар белгілі болды. Бұл туралы ақпарат, дауыс беру нәтижесі салтанатты түрде жарияланбастан, тарап кеткен.

Осылайша, төрт жылдықтың басты спорт додасы 2024-ші жылы Парижде өтсе, 2028-ші жылы АҚШ-тың Лос-Анжелес қаласында өтетін болды. Әу баста 6 бірдей қала спорттық доданы өткізуге өтініш берген. Алайда, олардың барлығы түрлі себептермен өтініштерін қайтарып алыпты. Халықаралық олимпиада комитетінің ресми хаттамасында осыған дейін жазғы олимпиаданы 2-рет қабылдаған Лос-Анжелеске дайындық  жұмыстарын өткізуге 2 миллиард доллар қаражат бөлінетіні жазылған.