Русский Сайттың толық нұсқасы

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының жаңа төрағасы.

  • AstanaTV
  • 23 желтоқсан 2017
  • 2024

Ахметжан Есімов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Премьер-министрдің ресми сайтында «Бүгін Президент Н.Назарбаевтың тапсырмасымен үкімет басшысы Б.Сағынтаев және Президент әкімшілігінің жетекшісі Ә.Жақсыбеков «Самұрық-Қазына» ұжымына жаңа төраға Ахметжан Есімовті таныстырды» деп жазылған. «Астана ЭКСПО» компаниясына 2 жылдан аса жетекшілік етіп, халықаралық көрмені өткізіп, енді міне, «Самұрық-Қазынаны» басқаруға отырды. Әл-ауқат қорына 2011 жылдан төрағалық еткен Ө.Шөкеев өткен аптада Премьер-министрдің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалғаны мәлім.