Русский Сайттың толық нұсқасы

Сағынтаев «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы созылып кетті деп есептейді

  • AstanaTV
  • 20 желтоқсан 2017
  • 2656

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы созылып кетті. Осылай деген Үкімет басшысы бағдарламаны іске асыру мерзімін үш жылдан екі жылға қысқарту қажет екенін айтты. Қазір озық технологияның дамыған заманы. Бұлай ырғалып-жырғалып жүргеніміз жарамайды, - деді ол. Мәселен, бағдарламада "Мүгедектігі жөнінде анықтаманы" электронды түрде беру екі жылдан кейін іске асады деп көрсетілген. Премьер осыған қатысты да ескерту жасады.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Өзі инвалид. Аяқ-қолы жоқ. Жүргені екі жыл. Бүкіл дүниеге хабарладық, "Цифрлы Қазақстанды" қабылдадық деп. Жарымжан адамдарға қызмет көрсетуді ең соңына ысырып қойдық. Рождение ребенка спаравкасын береміз деп, жыл басында айттық қой, бір аптадан соң жыл аяқталады.

Асқар Жұмағалиев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

Бақытжан Абдирович, мы будем форсировать эти вопросы, будем ускоряться.