Русский Сайттың толық нұсқасы

Трамп Иерусалим бойынша шешімді қолдамағандар көмектен айрылатынын айтты

  • AstanaTV
  • 21 желтоқсан 2017
  • 2920

Иерусалимді Израильдің астанасы деп тану туралы шешімге қарсы дауыс берген елдерге АҚШ қаржылай қолдау көрсетпейді. Бұл туралы Ақ үйде президент Дональд Трамп айтты,-деп хабарлайды Рейтерс. Ал, атышулы шешімді қолдамайтын елдер аз емес. 

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі жиынында АҚШ-ты айыптайтын қарар үшін тіпті бұл елдің одақтастары да дауыс берді. Олар - Ұлыбритания, Франция, Италия, Жапония мен Украина. Трамптың сөзінше, осылай еткен жағдайда Құрама Штаттар көп қаржыны үнемдейді. 

Айта кетейік, АҚШ ұйымға жарна төлейтін елдер арасында көшбасшы саналады. Яғни БҰҰ бюджеті қаржысының 22% Құрама Штаттардың үлесінде. Иерусалимнің статусына қатысты қарарға дауыс беру бүгін өтеді. 

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

Бұл елдердің барлығы біздің ақшамызды алады, және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Иерусалимге қатысты біздің шешімімізге қарсы шықпақ па? Мейлі, солай-ақ болсын. Есесіне, біз мол қаржыны үнемдейміз.