Русский Сайттың толық нұсқасы

Астананы түтін басты

  • AstanaTV
  • 21 желтоқсан 2017
  • 3787

Астана тұрғындары көк түтінге тұншығып жатырмыз деп шағымданды. Халық мұны  жер үйлердің мұржаларынан будақтап шыққан қою түтінмен байланыстырады. Ал енді бірі жылу энергия орталығынан ауаға тасталатын қалдықтардың көптігінен деп отыр. Қазгидромед өкілдері болса, ыс мөлшерінің шектен тыс артуын монғол антициклонының әсерімен түсіндіріп отыр. Билік өкілдері экологиялық апаттан шығудың қандай жолдарын қарастыруда? Түтін тақырыбын тілшіміз Диана Сапарқызы жалғастырады. 

Станислав Дидора, тұрғын:

Қыстың қақаған аязымен қатар елордалықтарды көк түтін де әбігерге салғандай. Астана тұрғындарының айтуынша, бұл жағатын көмірдің сапасыз болуынан туындаған  мәселе. Жылдар бойы баспанасын көмірмен жылытатын жандардың бірі - Қанат Сыздықов. Ол соңғы кезде өзі тұратын жер үйлер орналасқан секторды ыстың иісі ерекше жаулап алғанын айтады.

Қанат Сыздықов, тұрғын:

Бұл жақта қою түтіннен көз ашпаймыз. Жер үйлер көп. Бәрі көмір жағады. Дем ала алмайсын. Көмірдің әсерінен айнала түгел майлы түтінге шомылады. Газ болса, таза болатын еді гой. Қанат Сыздықовтың көршісі Станислав Дидора көмірді амалсыздан жағатынын айтады. Кейінгі кезде қатты отыннан шыққан түтіннің иісінен денсаулығы да сыр берген.

Газ болса, әрине, жақсы еді. Амал нешік әзірге көмір жағудан басқа амал жоқ. Қыстың қамын ойлап, жазда көмір сатып алдық. Көк түтін болса да, жағамыз. Не істейміз енді?

Елордалық атқамінерлер болса, шаһардағы көк түтіннің бұдан алдыңғы жылдармен салыстырғанда айтарлықтай азайғанын айтып отыр.

Мансұр Ошурбаев, Астана қаласы экология департаментінің басшысы:

Жыл басынан бүгінгі күнге дейін экология депатраментімен табиғи ресурстары басқармасымен түтінді тазарту турасында меморандумға қол қойылған еді. 1ші және 2ші жылу электр станцияларынан түтін исін азайту үшін максималды деңгейде жұмыстар жүргізілді. 7500 тоннадан аса көк түтін азайды.

Ал "эйр каз орг" парақшасының соңғы сараптамасына сәйкес, көмір қышқыл газының мөлшері Астананың оң жағалауында басым. Ал, сол жағалауда ыстану деңгейі төменірек көрінеді.

Көк түтіннің құрсауынан шығудың жолдарын Энергетика министрі ұсынып отыр. Яғни көк түтіннен көгілдір отын құтқарады дейді ол. Мұны, әрине, қарапайым астаналықтар да  біліп отыр.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Оның  шешімі - көмір жағуды тоқтату. Ол үшін Астанаға газ жеткізу керек. Әрине, бағасы қолжетімді болатындай етіп. Бұл мәселе қазір бірінші вице-премьердің деңгейінде қаралып жатыр.

Диана Сапарқызы, тілші:

Министрдің айтуынша, сұйылтылған табиғи газ біздің елде өндірілмейді. Оны шығару  үшін Қостанай мен Ақтөбеге зауыт салу керек дейді. Бірақ жоба арзанға түспейді. Түскен жағдайда жылуға төлейтін коммуналды төлем қарапайым тұтынушының қалтасын біраз қағады деп отыр.