Күмістен
кейін қоржынға алтын түсті. Юлия Галышева фристайлдан әлем кубогының екінші
медалін жеңіп алды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады. Олимпиада алдындағы турнир
Қытайда өтіп жатыр.
Галышева
могулдан 80,88 секунд нәтижесімен суырылып алға шықты. Екінші орынды
американдық Джейлин Кауф иеленсе, үшінші орынды канадалық Анди Нау қанағат тұтты. Сонымен бірге, осы сайыста 84,92
нәтижесімен жерлесіміз Дмитрий Рейхерд күмісті қанжығасына байлады.
Еске
салсақ, жуырда Юлия Галышева Қытайда өтіп жатқан жарыста могулдан күміс медаль
жеңіп алған еді.