Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы жыл қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне сұхбат берді

  • AstanaTV
  • 25 желтоқсан 2017
  • 2731

"Екінші деңгейлі банктердің жандануына бөлінген қаражат міндетті түрде қайтарылады". Жыл қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездескен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлімдеді.

Президент экономикаға қан жүгіртетін негізгі саланың бірі - банк секторының ерекше назарда болатынына тоқталды. Акционерлері қаражат салып отырған банктерді Ұлттық банк пен Үкімет барынша қолдайды. Ал, дағдарыс пен өзге де факторлардың салдарынан тығырыққа тіреліп, Үкіметке ғана үміт артып отырған қаржы институттарынан құтылуымыз керек, деді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Нацбанк и правительство принимают меры. Но помогать только тогда, когда акционер вложил большую часть средств. Если хочет. Если не хотят, то подвергнуть банкротству. Ликвидировать лучше эти банки.

«Астана» арнасының шетелдегі қандастарымызды елге қайтаруға қатысты сұрағына да Президент тұшымды жауап қайтарды. Қазір өзге мемлекеттерде 4 миллионнан аса этникалық қазақ өмір сүруде. Оларды елге тарту ісіне қалталы азаматтарымыз да атсалысса, дұрыс болар еді,- дейді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазір әдейі фонд құрылды, көмектесу үшін. Сол фондқа қол ұшын беру керек. Көмектесуіміз керек, жұмысқа орналасуға, баспана салып алуға, шақырып, бәріміз соған мүдделі болуымыз керек.

Бұл жолғы басқосу ЭКСПО көрмесі аумағындағы "Нұр Әлем" сферасында өтті. Сұхбат барысында мемлекет басшысы қордаланған бірқатар мәселелерге тоқталды. Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшірудің маңыздылығы, еңбек миграциясы, жалақы мен зейнетақы жайы айтылды.