Русский Сайттың толық нұсқасы

Теңгенің тұрақсыздығына байланысты Ұлттық Банк өкілдері пікір білдірді

  • AstanaTV
  • 02 тамыз 2017
  • 2837

Теңгенің әлсіреуіне қатысты Ұлттық банк өкілдері де үн қатты. Қаржы сарапшылары айтып жатқан санкция мәселесінен бөлек, басты қаржы реттеуші доллардың нығаюына себеп болған факторларды атады. Олар: негізгі саудадағы әріптестердің төлем балансының әлсіреуі, ішкі инфляцияның өсуі, Ұлттық банк бекіткен базалық ставканың құбылуы. Ішкі қаржылық тұрақсыздықтың кесірінен АҚШ валютасына деген сұраныс та біршама артқан.

Ел ішінде алаяқтық немесе астыртын ақпараттар тарату арқылы доллар мен еуроға деген сенімді нығайту процесі де жүріп жатқан көрінеді. Мамандардың айтутынша, қазір долларды жаппай сатып алу тенденциясы жоқ, бірақ айырбас орындарында көк қағазға сұраныс жоғары. "Қалай болғанда да, сыртқы әсерлерге төтеп беретін қаржылық интервенциялар жүргізіліп жатыр. Алаңдауға еш негіз жоқ. Бас банк төл теңгенің позициясын нығайтуына алғышарттар дайындап отыр", - деді Ұлтық банк мамандары.

Әлия Молдабекова, ҚР ҰБ монетарлық операциялар департаментінің директоры:

Барлық қаржы мамандары сияқты біз де теңгенің әлсіреуіне басты себеп ретінде АҚШ-тың Ресейге бағыттаған санкциясынан соң рубльдің динамикасын бақылап отырмыз. Белгілі бір деңгейде БАҚ беттерінде долларды жаппай сатып алуға үгіттейтін теріс пиғылды ақпараттар тарап жатыр. Ұлттық банк бұрынғыдай теңгенің еркін курсын қамтасыз етеді және өз тарапынан қажет жағдайда интервенция жасауға құқылы екенін мәлімдейді.