Русский Сайттың толық нұсқасы

Суицидке итермелейтін сайттар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 27 желтоқсан 2017
  • 3950

Суицидке итермелейтін сайттар қылмыстық жауапкершілікке тартылу мүмкін. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жакупов мәлемдеді. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» заң жобасын талқылап, бірінші оқылымда мақұлдады. Екінші оқылымға дейін заң жобасына аталған өзгерістер енгізілуі мүмкін. Мұны депутаттар да, Бас прокуратура да қолдап отыр. Бүгінде жасөсіпірімдердің психикасына кері әсер ететін сайттар тек бұғатталады. Қандай да бір жаза қолданылмайды. Жыл басына бері осындай  904 сайт анықталған.

Рашид Жакупов, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

Заң жобасының екінші оқылымына дейін біз депутаттармен бірге осы мәселені пысықтаймыз деп ойлаймын. Аталған жағдайларға түрткі болатын ақпаратты тарату әрекеттеріне тыйым салуды және оның заңмен қудалануын қарастырып отырмыз.