Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде тегін құқықтық көмек қызметі бастау алады

  • AstanaTV
  • 26 желтоқсан 2017
  • 2484

Елімізде алғаш рет мұқтаж жандарға тегін құқықтық көмек қызметі бастау алады. "Нұр Отан" партиясы мен Қазақстан заңгерлер одағы тиісті меморандумға қол қойды. Мұндай көмек азаматтарға партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде көрсетіледі. Партия хатшысы Қаныбек Жұмашевтің айтуынша, пилоттық жоба алдымен орталық қабылдау бөлмесінде бастау алады. Содан кейін аймақтардағы қоғамдық қабылдауларда кезең-кезеңімен ашылады. Тегін құқықтық қызмет тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға, зейнеткерлерге, патронатты тәрбиедегі жетім балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетіледі.

Айта кетейік, "Нұр Отан" партиясына қарасты 241 қабылдау бөлмесі бар. Олар халықтың шешуін таппаған мәселелерін үнемі қарап, бақылауда ұстап отырады.

Қаныбек Жұмашев, "Нұр Отан" партиясының хатшысы:

Адвокаттық конторалардың, заңгерлердің көмектері қыруар қаржы тұрады. Кез-келген адамның қолынан келмейді. Алдағы уақытта осы Астана қаласынан бастау алып, алдағы уақытта зерттей-зерделей келе, бүкіл облыс, аудан, қалараға мұны жүзеге асыруға мүмкіндік туады.