Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей басшысына алдағы президент сайлауында табыс тіледі

  • AstanaTV
  • 27 желтоқсан 2017
  • 2451

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей басшысына алдағы болатын президент сайлауында табыс тіледі. Бұл туралы ол ТМД елдерінің бейресми саммиті шеңберіндегі екіжақты әңгіме барысында айтты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Следующий год очень важный. В России выборы. Я думаю, мы все едины во мнении. Желаем Вам успеха, мы все уверены в этом, и мы знаем, что российский народ ценит ваше руководство именно в это время, тяжелейший период проходит Россия. И в этот период вы оказались у руля и держите этот руль крепко.

Президент сонымен қатар Владимир Путинді Сириядағы табысты әскери операциямен құттықтады. Екеуара кездесуде мұның аймақтағы және әлемдегі ахуал тұрғысында аса маңызды екеніне тоқталды. Лаңкестікпен күрес тақырыбын қырғыз басшысы да айналып өтпеді. Сооронбай Жээнбеков жасалып жатқан қыруар жұмыстарға қарамастан, Орта Азия елдерінің азаматтарын ДАИШ қатарына тартудың тиылмай тұрғанына тоқталды. Ал  Белоруссия президенті Александр Лукашенко Ауғанстанда терроршылардың емін-еркін сайрандап жүруіне жол жоқ екенін айтты. Сондай-ақ осы жиында Ресейдің ТМД-ға төрағалық ету кезеңі қорытындыланды. Елбасы қарашада  Минскде өткен саммит жұмысына тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мы недавно в Минске провели заседание ОЮЖКБ. С каждым разом, с каждой встречей у нас больше взаимопонимания. Из всех присутствующих 9 членов 5 состоят в ЕврАзЭС. У нас есть значительные сдвиги в этом году, ожидаем еще лучших показателей в следующем году. Нет таких проблем, которые мы не могли бы решить в переговорном порядке. Нам необходимо работать дальше на основе принципов суверенитета и взаимного уважения.

Бейресми саммитке Армения, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан басшылары қатысты. Айта кетейік, ТМД-ға келесі төрағалық ету кезегі 1 қаңтардан бастап Душанбеге өтеді.