Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада ЭКСПО көрмесі аясында ШЫҰ және АӨСШК халықаралық марафоны өтеді

  • AstanaTV
  • 02 тамыз 2017
  • 3418

Астанада 27 тамыз күні еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің халықаралық марафоны өтеді.

Іс-шара ЭКСПО-2017 көрмесі аясында ұйымдастырылып отыр. Оған 4 мыңға жуық қазақстандық және 1 мыңнан астам шетелдік қатысады деген болжам бар. Марафон 3 бірдей жүгіру аймағынан тұрады. Алғашқысы 2017 метрді құраса, әуесқойлар үшін 10 шақырым, бұған қатысу үшін 3 мың теңге жарна төлеу қажет. Және толық марафон жолының ұзындығы 42 шақырымды құрады, ал, жарна 5 мың теңге. Бүгінде қала әкімдігінің қолдауымен маршрут жолы мен өзге де қажетті медициналық көмектер жасақталып жатқан көрінеді. Жалпы ШЫҰ-ның алғашқы марафоны былтыр Қытайдың Куньмин қаласында өткен, оған 15 мың адам қатысыпты. Тіркеу жұмыстары арнайы сайтта 15-ші шілдеден бастап жүргізіліп келеді.

Серік Жарасбаев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт комитеті төрағасының орынбасары:

Жалпы жүлде қоры 60 мың доллар. Теңгемен 20 млннан астам. 1-ші орынға, егер ол 42 шақырымды тиісті уақытта келсе, 13 мың доллар беріледі. Егер ол уақытта келмесе, 13 мың доллардың жартысы беріледі. Міндетті түрде беріледі ол ақша.